Археологтар Иса пайғамбар өмір сүрген үйді тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиялық археологтар Назарет қаласында жүргізген қазба жұмыстары барысында болжам бойынша Иисус Христос - Иса пайғамбар өмір сүрген үйді тапты, деп жазады Росбалт.
Иосиф пен Мария ананың өмір сүрген мекен-жайын қай жерден іздеу керектігі 19-ғасырдың соңында анықталған. Бірақ, ғалымдар оған бел шешіп, кірісе қоймаған.
Ғалымдар қазба орнынның суреттерін жариялады. Фотодан ескі тас қабырғаның қалдығын көруге болады. Үй шамамен 1-ғасырда салынған деп болжанып отыр.
Аңыз бойынша, Иса пайғамбар Назареттен кеткен соң оның үйінің орнына шіркеу соғылған.