Археологтар Қытайдың солтүстігінде үңгірден мыңнан астам Будда мүсіншелерін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстігінде үңгірден археологтар тапқан мыңнан астам Будда мүсіншелері Мин династиясы басқарған кезеңге жатуы мүмкін, деп хабарлады жұма күні Синьхуа агенттігі мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі жергілікті бөлімшеге сілтеме жасап.
Ғалымдар мүсіншелерді Шаньси провинциясындағы үш тас үңгірден тапты. Агенттікке мәдениет ескерткіштерін қорғау бөлімінің басшысы Ян Цзифу (Yang Jifu) айтқандай, Будда бейнеленген мүсіншелердің ұзындығы 12-ден 25 сантиметрге дейін. Сондай-ақ оның айтуынша, екі үңгірдегі тас плиталардағы жазбалар бұлардың Мин династиясы басқарған кезеңге тиесілі екенін көрсетеді.