Археологтар қытайлық императордың мазарынан шай жапырақтарын тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Археологтар Хань әулетінен шыққан қытайлық император Цзин-дидің мазарынан шай жапырақтарын тапты. Бұл қытайлықтардың аталған сусынды 2 мың 150 жылдан астам уақыт бойы пайдаланып келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлады epochtimes.ru.

Археологтар қытайлық императордың мазарынан шай жапырақтарын тапты

Көне Қытай императорлары шайды ұнатқаны соншалық, тіпті оны өзінің мазарына салуды сұраған.

Император мазары1990 жылдары анықталған, алайда шай енді ғана табылып отыр. Бір қызығы, ағаш қорапта сақталған шай жапырақтары өте сапалы болып шықты.