Археологтар Мысырдың солтүстігінен мумиясы бар ежелгі мазарды тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Египеттің бір топ археологы Дакахлия солтүстік провинциясынан бірнеше жерлеу камерасы бар мазар тапқан.

Археологтар Мысырдың солтүстігінен мумиясы бар ежелгі мазарды тапты

Елдің ежелгі заман істері бойынша мемлекеттік министрі Мұхаммед Ибрагим Али мәлімдегендей, мамандар оның Ежелгі Египет тарихының кейінгі кезеңінде тұрғызылғанын болжаған. Яғни табылған мазар XXVI-XXX фараондар әулетінің басқарған кезіне (б.з.д. 664-332) жатқызылып отыр.

Жерлеу орындарының бірінен ғалымдар әктастан жасалған саркофаг тапқан. Онда әйел адамның мумиясы мен "ушебти" 180 жерлеу мүсіншелері болған. Олар қолдарын кеудесіне айқастырған немесе еңбек құралын ұстаған адамды бейнелейді.

Осыған дейін археологтар осыншама көп мүсіншелерді таппаған болатын, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.