Археологтар Римде Юлий Цезарь өлтірілген жерді анықтады
«Біз жаңа жыл санауымызға дейінгі 44-жылдың 15 наурызында Юлий Цезарьдың Помпей куриясында өлтірілгенін білеміз, алайда кескіндеме мен кинода бейнеленген бұл оқиға жайлы заттай дәлеліміз болмады», - деді испандық зерттеу орталығынан Антонио Монтеррозо.
Кейде Сенат отырыстары өткен Помпей куриясы Римнің алғашқы тастан салынған театры - Марс алаңында Помпей театрының қасына орналасқан. Қазіргі кезде бұл кешен Торре Арджентина алаңын арехологиялық қазу аймағына кіреді.
Монтеррозоның айтуынша, ол археологттар тобымен бірге ұзындығы үш те екі метрлік цемент тақтаны тапқан. Бұл сірә, Цезарьдың немересі Октавиан Август аңызға айналған Рим республикасының диктаторы өлтірілген жерге қойған белгі болуы мүмкін.
Испандық археологтардың пкірінше, бұл жаңалық Цезарьды қастандық жасаушылар Сенат төрағасының креслосында отырған кезде Помпей куриясының төменгі жағындағы орталықта өлтіргенін қуаттайды.