Археологтар ШҚО-да қола шақа, жебе ұштары, былғары және жібек сияқты көне заттарды тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы ұйымдастырған археологиялық жұмыстар басталды.

қазба жұмыстар
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаға Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғалымдары, студенттері мен ғылыми жетекшілері қатысады.

қазба жұмыстары
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
қазба жұмыстары
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

«Қазақ Алтайының ежелгі және орта ғасырларының тарихи-мәдени мұрасы» жобасы аясында археологтар ауқымды зерттеулер жүргізіп, қазақтардың жерленуін, қоныстарын, бекіністері мен қыстауларын қоса алғанда, бұрын белгісіз болған 20-ға жуық ескерткішті тапты.

қазба жұмыстары
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта қола дәуірінен бастап этнографиялық қазіргі заманға дейінгі әртүрлі дәуірлерге жататын 14 ескерткіш қазылды. Табылған заттардың ішінде металлургиялық пункті бар ерте темір дәуірінің қонысы, XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қыстауы және 12 жерлеу орны бар. Археологтар сондай-ақ ерте сақ және көне түркі жылқы жабдықтары, қыш ыдыстар, пазырық мәдениетінің әшекейлері, ежелгі түркі дәуіріндегі белдік ілмек, қимақ кезеңіндегі қола төсемдер және монеталар сияқты әртүрлі артефактілерді тапты.

қазба жұмыстары
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

«Қазба жұмыстарынан басқа, аймақтың тарихи-мәдени мұрасын қорғау және насихаттау үшін жергілікті тұрғындарымен бірге билік органдары жұмыс жүргізуде. Археологиялық зерттеулер 2024 жылдың соңына дейін жалғасады»,- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

археологтар
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі