08:20, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
Архиерей соборы патриархтыққа үш кандидатты таңдады
МӘСКЕУ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат - Архиерей соборы Орыс Православ шіркеуінің патриархы қызметіне лайықты деген үш кандидатты таңдап отыр.

Олар - Смоленск және Калининград митрополиті Кирилл, Калуга және Боровск митрополиті Климент, Минск және Слуцкий митрополиті Филарет, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Мәскеу мен бүкіл Ресейдің Патриархы Алексий Екінші өткен жылы желтоқсанның 5-інде дүниеден озған болатын. Алексий Екінші, яғни Алексей Михайлович Ридигер 79 жасында өмірден өтті. Ол Ресей православ шіркеуінің он бесінші басшысы болды. Бұл қызметке 1990 жылы кіріскен Патриарх Ресей православ шіркеуі мен шетелдегі орыс шіркеуінің арасындағы жікке бөлінушілікті еңсеруге үлкен қажыр-қайрат жұмсады.