Архимед Мұхамбетов азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Архимед Мұхамбетов азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды

Кеңес барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша қабылданып жатқан шаралар қарастырылды. Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, облыс тұрғындары азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етіледі. Айта кетейік, әлеуметтік желіде өңірде әлеуметтік азық-түліктің жетіспей жатқаны туралы хабарлама тараған болатын.

«2020 жылдың басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 107,1%-ды құрады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға 1,4 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры қалыптастырылды, тұрақтандыру қорына 14 түрлі өнім сатып алынды. Облыс аумағында сатылатын тауарлық интервенциялар жүргізіліп жатыр. Тұрақтандыру қоры үнемі толықтырылып отырады», - деді өңір әкімі.

Архимед Мұхамбетов аудан-қалалардың әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша тұрақты негізде шаралар өткізуді тапсырды.