Архимед Мұхамбетов коронавирустан қорғанудың негізгі 5 ережесін еске салды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың отырысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов індеттен қорғанудың ережелерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Архимед Мұхамбетов коронавирустан қорғанудың негізгі 5 ережесін еске салды

«Тұрғындарға тағы да мәлімдеме жасағым келеді. Қазір карантин шектеулерін жеңілдетіп жатырмыз. Бірақ, вирустан қорғанудың бес «алтын» ережесі әлі күшінде. Бұл туралы дәрігерлер де үнемі айтып келеді. Біріншісі – қашықтықты сақтау. Қасыңдағы адамнан кем дегенде 2 метр қашықта жүру, үйден ретсіз шықпауға және адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға тырысу. Екіншісі – жеке гигиена талаптарын бұлжытпай орындау. Үшіншіден көзді, құлақты, бетті, ерінді ұстамау керек», - деді облыс әкімі.

Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, төртінші ереже – маска тағып жүру. Себебі вирус таратушылар көшеде, қоғамдық орындарда болуы мүмкін.

Қостанай әкімінің бесінші кеңесі – түшкіру және жөтелу ережесін сақтау.