Архимед Мұхамбетов: Мониторинг топтарының жұмысын күшейтеміз

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Бүгін коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Архимед Мұхамбетов: Мониторинг топтарының жұмысын күшейтеміз

Кеңес барысында облыс басшысына Қостанай, Лисаков, Арқалық, Рудный қалалары және Қостанай, Қарабалық, Жітіқара аудандары әкімдерінің есебі баяндалды. Аудан әкімдері коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ағымдағы жағдай және карантин режимін сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы туралы айтты.

«Штаб мүшелері әкімдердің ұсыныстарын ескере отырып, 12 қараша сағат 00.00-ден бастап, көршілес облыстардың шекарасына санитарлық бекеттер орнату туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілетін болады. Халық және кәсіпкерлік субъектілері арасында әлеуметтік желілер арқылы белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырдым», - деп жазды өңір әкімі Instagram парақшасында.