Архимед Мұхамбетов: Орталықтағы сыра дүкендерін алып тастаңыздар

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі қаладағы әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жай-күйін бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Архимед Мұхамбетов: Орталықтағы сыра дүкендерін алып тастаңыздар

Архимед Мұхамбетов әуелі облыстық әкімдіктің алдындағы саябақты көрді. Бұл аумақ биыл наурыз айында «Саябақ 2018» ЖШС-не 10 жылға сенімді басқаруға берілген болатын. Серіктестік басшысы Амангелді Досжановтың айтуынша, осы жылы саябаққа жаңа аттракциондар, батуттар сатып алынды. Осы мақсатта 100 млн теңге бөлінген.

«Тұрғындар бос уақыттары болған кезде бірінші саябаққа келеді. Өздеріңіз білесіздер, бұл аумақта балалар көп жүреді. Бірақ, осы орталықтағы сыра сататын дүкендерді алып тастау керек. Салауатты өмір салтын насихаттаймыз деп жүрміз. Ал сіздер мынадай нәрселерге жол бересіздер. Келесі келгенде сыра дүңгіршектері мына арада болмайтын болсын», - деп тапсырма берді Архимед Мұхамбетов.

Қала әкімі Базыл Жақыпов саябақта сыра сататын орындарды жақын арада алып тастауға уәде етті.  

Мұнан соң облыс әкімі «Қостанай аулалары» бағдарламасымен жөнделген көшелерді, «Әуежай» шағын ауданындағы ұлттық-мәдени орталықты аралады. Сонымен қатар өңір басшысына «Береке» мөлтек ауданындағы футбол манежінің құрылысы таныстырылды. 

null

null