Архивтік анықтамаларды және архивтік құжаттардың көшірмелерін қалай алуға болады?
АСТАНА. KAZINFORM – Архивтік құжат ақталу туралы анықтаманы алу үшін қажет. Оның негізінде қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға және олардың туыстарына жеңілдіктер немесе өтем алуға болады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдарының архивтері шегінде өзге де архивтік анықтамалар, архивтік үзінділер мен архивтік құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
Архивтік анықтаманы алу үшін:
- Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен egov.kz порталына немесе телефон нөміріңізге келетін бір реттік құпия сөз арқылы өтіңіз.
- Сұрау салуды ресімдеу сатысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалын таңдаңыз.
- Архивтік анықтаманың қағаз нұсқасын кем дегенде 8, ал шалғай аудандар үшін 10 жұмыс күн ішінде беріледі.