Ариэль Шарон 13 қаңтарда марқұм жарының жанына жерленеді
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Израильдің бұрынғы премьер-министрі Ариэль Шарон 2000 жылы қайтыс болған өзінің өмірлік жары Лилидің жанына жерленбек, деп хабарлайды РБК жергілікті телеарналарға сілтеме жасап.
А.Шарон 8 жыл бойы комада жатқан Хаим Шиба атындағы медициналық орталықта 85 жасында қайтыс болды. 2006 жылы А. Шарон жүрегі сыр беріп, саяси қызметін тоқтатқан болатын. Сол жылдың қаңтар айында ол жүрек талмасына түсіп, сегіз жыл бойы комада жатты. Сол уақыттың бәрінде ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылып тұрды. Осыдан бірнеше апта бұрын дәрігерлер оның жағдайының тым нашарлап кеткенін, өмірі қыл үстінде жатқанын айтып, жақын-туғандарын ескерткен болатын.