Ариф Алви Пәкістан президенті болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның билеуші партиясы «Әділдік үшін қозғалысының» өкілі Ариф Алви елдің 13-інші президенті атанды. Бұл туралы Geo.tv телеарнасы хабарлады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы лауазымына үш кандидат ұсынылған болатын. Олар: Әділет үшін қозғалыс билеуші партиясының өкілі Ариф Алви, Пәкістан халық партиясынан ұсынылған кандидат Аитзаз Ахсан және оппозиция өкілі Фазл-ур-Рехман. 

Пәкістан президентін федералдық парламенттің төменгі және жоғары палатасының, сондай-ақ елдің төрт провинциясы Заң шығарушы жиындарының 1174 депутатынан құралған сайлаушылар алқасы сайлайды.

Соңғы жаңалықтар