18:29, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
«Әріптес-2009» боулинг турнирінің ширек финалына шыққан командалар белгілі болды
АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында өтіп жатқан боулинг турнирінің ширек финалына шыққан командалар белгілі болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Әріптес» журналистер клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ақпанның 23-інде басталған бұл шараға ақпарат агенттіктерінен, мерзімдік басылымдардан және радио мен телеарналардан 16 команда қатысқан болатын. Олар осы уақытқа дейін әр аптаның дүйсенбі күндері «Метро» спорттық ойын-сауық орталығында 4 топқа бөлініп өзара сынға түсті. Тартысты өткен бұл сайыстарда ширек финалға 8 команда жолдама алды. Олар ? «Хабар» агенттігі, «Алматы акшамы», «Литер» газеттері, «Континент», «Да Қазақстан» журналдары, «Алматы», «31 арна» телеарналары және «31 арна» радиосы. Ал жеңімпаз команда наурыздың 9-ында ширек, жартылай және ақтық кездесулерден кейін белгілі болады.