21:37, 04 Қаңтар 2016 | GMT +5
Әріптесін соққыға жыққан Олимпиада чемпионы 10 жылға спорттан шеттетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Са Джэ Хекті Оңтүстік Кореяның Ауыр атлетика федерациясы (KWF) өзге зілтеміршіні соққыға жыққаны үшін 10 жылға спорттық жарыстарға қатысу құқынан айырды.

30 жастағы Са Джэ Хек 31 желтоқсанда елдің солтүстік шығысындағы Чхунчхон қаласындағы барда 21 жастағы Хван У Манға шабуыл жасағандығы үшін айыпталды. Зардап шеккен азаматтың алған жарақаты жеңіл емес және жаттығуға тек алты аптадан кейін ғана орала алады.
Са Джэ Хек тергеу барысында өзінің кінәсін мойындаған.
Спортшы 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында 77 салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілген. Бұдан басқа Са Джэ Хек 2011 жылғы әлем чемпионатында қола медаль еншілеген болатын, деп жазады Лента.ру.