Әріптестеріме ешкім де идеологиялық шектеулер қоймай, керісінше түбегейлі зерттеулер жүргізу шаралары жасалуда - Б. Аяған

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Ғалымдар үшін кәсіби шынығу мен сын сағаты қатар келіп тұр.

Әріптестеріме ешкім де идеологиялық шектеулер қоймай, керісінше түбегейлі зерттеулер жүргізу шаралары жасалуда - Б. Аяған

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған мәлім етті.

«Ең бастысы, басқа кезеңдермен салыстырғанда ғалымдарға мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр. Ендігі жерде менің әріптестеріме, ғалымдарға ешкім де идеологиялық шектеулер қоймай, керісінше оларға түбегейлі де, толық зерттеулер жүргізу шаралары жасалуда»,-деп атап өтті ол.

«Сонымен, тұтастай жауапкершілік ғалым-тарихшылардың мойнына жүктеліп отыр. Былайша айтқанда, ғалымдар үшін кәсіби шынығу мен сын сағаты қатар келіп тұр. Ендеше, отандық тарихшылардың іс-қимылдарын жаппай жұмылдыру, қолымыздағы барлық ғылыми және интеллектуалды әлеуетті тиімді пайдалану қажет»,-деп түйді Б. Аяған.