Арыста әскери қызметші травматикалық қарудан жарақат алды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Арыс гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметші травматикалық қарудан басынан жарақат алды.

военные военная присяга солдаты әскери ант қабылдау сарбаздар
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Оқиға 16 қыркүйек күні тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде болды. Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өз-өзіне қол жұмсамақ болған. 

«Жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Келісімшарт бойынша әскери қызметші аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірнеше айдан бері комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың қазіргі денсаулық жағдайы шетелге апаруға жарамайтынын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар