Арыстанбек Мұхамедиұлы соты: Алмаз Нұразхан сот отырысына келмеді

алмаз нұразхан
Фото: gov.kz

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарына қатысты жаңа іс аясында сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыс Алмаз Нұразханның келмеуіне байланысты кейінге қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Сотта екі эпизод — «Дипломат» қонақүйін тартып алу және «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізу кезінде билігін асыра пайдалану, рейдерлік әрекет қаралуда.

Судья Кемеңгер Имашев бүгінгі отырысқа келмеген Алмаз Нұразханның түсініктемесін оқыды.

«Денсаулығымның нашарлауына байланысты сот отырысына қатыса алмаймын. Жүрек кризімен ауруханаға кардиологқа бару қажеттігі туындады. Ауруханаға жатқызуы да мүмкін. Түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенемін. Анықтама және түсініктеме, ауруханаға жатқызуға жолдама қоса беріледі», — деп жазылған түсініктемеде.

Осылайша сот отырысы 8 қаңтар таңғы 10.00-ге ауыстырылды.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлына Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі (қылмысты ұйымдастыру) және 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (заңсыз иелену немесе талан-таражға салу, яғни сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде жымқыру) бойынша айып тағылған.

Экс-министр сондай-ақ ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (жауапты мемлекеттік лауазымда отырған тұлғаның ауыр салдарға алып келген қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануы), 24-бап 3-бөлім (қылмысқа оқталу), 249-бап 1-бөлігі (рейдерлік), 250-бабында (өкілеттігін асыра пайдалану) көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген.

Былтыр 20 маусымда сот үкімімен А.Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

Сонымен қатар оның сыбайластары да сотталды

Соңғы жаңалықтар