12:46, 08 Шілде 2017 | GMT +5
Аризонада 112 жыл бойы өзгермеген температуралық рекорд жаңарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Финикс қаласында (Аризона штаты) ауа температурасы жұмада 47,2 градусқа дейін жетті. Осылайша 112 жыл бойы өзгермеген рекорд жаңарды, деп хабарлады ТАСС.

АҚШ ұлттық метеорологиялық қызметі Финиксте температура жұма күні 47,2 градусқа жеткенін растады. Бұған дейін 1905 жылы тіркелген 46,1 градус ең жоғары рекордтық көрсеткіш саналған.
Бұл қалада термометр көрсеткіші әр жылы 7 шілдеде орташа 41,7 градусқа жетеді. Биыл Финикс халықаралық әуежайында ауа температурасы 17 рет 43,3 градусқа көтерілді.