Аризонада туристер мінген автобус апатқа ұшырады
АСТАНА. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат - Американың Аризона штатындағы автобус апатының салдарынан 10 адам жарақаттанып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті билік ақпаратына сілтеме жасаған Утро.ру агенттігі.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша жексенбі күнгі таңғы сағат 08.00 шамасында Кингмен қаласында орын алған. Лас-Вегастан шыққан туристік автобус Үлкен Каньонның батыс бөлігіне қарай бет алған болатын. Бірақ белгісіз себептер бойынша жолдан шығып, бірнеше рет аударылып кеткен.
Полицияның деректеріне жүгінсек, автобус ішінде жүргізушіні қоса алғанда 12 адам болған.