Арқадан Алатауға, Алатаудан Алтайға бет алған көшпелі көрме жұмысын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы ҚР Ұлттық музейінде «Өткенді еске алу - болашаққа жол» атты өңірлер мұражайларының көшпелі көрмелері ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпараті тілшісі.

Арқадан Алатауға, Алатаудан Алтайға бет алған көшпелі көрме жұмысын бастады

Аталған жоба елорданың 20 жылдығына арналып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Жобаның мақсаты - республика өңірлерінің тарихы мен мәдениетін білу, Қазақстанның тарихи тұлғаларының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру, халықтың мәдени танымын байытып, қазақстандық қоғамның рухани тұрғыда дамуына сеп болу болып табылады. Жобаға Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының 30-дан астам мұражайлары қатысады.

«Биыл елордамыздың 20 жылдығы аясында жоспарланға іс-шаралар аясында көрмелер ұйымдастыру, жалпы шығармашылықта жүрген біздің замандастарымыздың мұрасымен таныстыру жұмыстарына ерекше маңыз беріледі. Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында да мәдени, рухани салада көптеген ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатыр. Міне, бүгінгі айтулы шара - ең маңызды көрмелердің бірі деп білеміз. Бүгінгі көрмеде үш облыстың ғана жәдігерлері көрсетілген. Көшпелі көрме аясында оның ауқымы өзге өңірлермен бірге кеңейе бермек», - дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.
null

Жобаны ақын, публицист, «Алаш» қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» көрмесімен Солтүстік Қазақстан облыстық мұражайлар бірлестігі, «Ұлытау әлемі» көрмесімен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және тарихи қорық мұражайы, «Рухани жаңғыру» көрмесімен Ақмола облысының мұражайлары ашып отыр. Аталған көрмелер үстіміздегі жылдың 10 маусымына дейін жалғасады.
null

Ары қарай жобаны Павлодар облысының (16-22 маусым), Алматы және Шығыс Қазақстан облысының (27 маусым - 7 шілде) мұражайлары жалғастырады.

nullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnull