Арқалықта 35 қызметкерге өтемақы төленбеген: 11 ұйымның басшысы жауапқа тартылды
АСТАНА.KAZINFORM – Қостанай облысы Арқалық қаласының прокуратурасы қаладағы білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлердің еңбек құқықтарының жүйелі түрде бұзылғаны анықталды.
Ұжымдық шарттарда көзделген өтемақылардың төленбеуіне, сондай-ақ еңбек қатынасын тоқтатудың тиісті түрде рәсімделмеуіне байланысты 35 құқық бұзушылық фактісі анықталды.
Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде білім беру саласының 35 қызметкеріне жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам өтемақы төленіп, осылайша азаматтардың бұзылған еңбек құқығы қалпына келтірілді.
Сонымен қатар заңда көзделген жауапкершілікке Арқалық қаласының білім беру ұйымдарына бағынысты 11 ұйымның басшысы тартылды.
Қала прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады.
Еңбек заңнамасының сақталуы, төлемдердің уақытылы және толық жүргізілуі, сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі мәселелері тұрақты бақылауда болады.
Айта кетейік, БҚО-да 1 143 білім беру қызметкерінің еңбек құқығы қорғалды. Оның ішінде зейнет жасындағы 64 педагогке 11 млн теңгеден астам өтемақы төленді.