Арқалық-Торғай тасжолында 5 көлік соғылып, бір адам қаза болды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Арқалық-Торғай тасжолында 5 көлік жол апатына ұшырап, бір адам оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
«Бүгін, сағат 14:03-те Арқалық-Торғай тас жолында «Toyota» жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, бес автокөлік апатқа ұшырады. Алдымен, ол «Ниссан» автокөлігімен, одан кейін тағы үш көлікпен соқтығысқан», - деді Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Балғожин.
«Ниссан» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Барлығы 9 адам зардап шекті, олардың үшеуі жан сақтауында бөлімінде жатыр.
Сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

