Арқалық түрмесінде сотталушы өзіне қол жұмсады

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ -Өткен демалыс күндері Арқалық түрмесінде сотталушылардың бірі өзіне қол жұмсады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдеме бойынша, 27 жастағы сотталушы құбырға асылып өлген. Ол хат жазып, өмір сүргісі келмейтінін және жасаған қылмыстарының бәрін мойындайтынын айтып кеткен. Комитеттің ақпараты бойынша, марқұм жас болғанына қарамастан, бес рет сотталған азамат болып шықты. Атап айтқанда, кісі өлтіру, тонау, қарулы шабуыл сияқты қылмыстар жасаған. Қылмыстары үшін сот үкімімен 13 жылға бас бостандығынан айрылған. Оқиға орнында Арқалық Ішкі істер басқармасының жедел тобы мен қала прокуроры жұмыс істеуде. Бұл факті бойынша тергеу амалы жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар