«Арқалық-Жезқазған» автожолының бойынан гранаталар табылды
АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - «Арқалық-Жезқазған» автожолының бойынан гранаталар табылды.
Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомстводан мәлім еткендей, сәуірдің 13-і күні сағат 15.30-да Қостанай облысы Арқалық қаласы Северный кентінің тұрғынынан күре жолдың жиегінен 2 оқ-дәрі табылғандығы туралы хабар келіп түскен.
«Жүргізілген іс-шаралардың барысында табылған заттар Ф-1 және РГД-5 гранаталары екендігі анықталды. Полиция қызметкерлері оқ-дәрілерді жою үшін елді мекеннің амуғынан алып шықты», деп хабарлады баспасөз қызметінен.