Арқалықта 12 жасар баланы ит талап тастады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалық қаласында қаңғыбас ит 12 жасар баланы талап тастады. Бұл оқиға туралы Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Арқалық қаласына қарасты Ашутасты елдімекенінде болған.

«112 нөміріне Ашутасты ауылының 1992 жылы туған тұрғынынан хабар түсті. Айтуынша, қасқырға ұқсайтын ит 12 жасар баланы талап тастаған. Бұдан бөлек, қаңғыбас ит тағы бір ауыл тұрғынына шабуылдамақ болған. Бірақ, ол итті өлтіріп тастады» - дейді жедел жасақтың басшысы Сергей Шмидт.

Куәгерлердің сөзінше, бұл кезбе ит расымен де қасқырға ұқсайды. Қазіргі уақытта жәбірленушілер Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді. Тиісті сараптама жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар