Арқалықта киллер жалдаған әйелге сот жазаны жеңілдеткен жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Арқалықта өзінің көңілдесін өлтіру үшін киллер жалдаған әйел 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық сотына сілтеме жасап.

Арқалықта киллер жалдаған әйелге сот жазаны жеңілдеткен жоқ

«Қостанай облыстық соты қылмыстық іс бойынша айыпталушы Ораза Қабылдың қорғаушысы жолдаған арызды қарады. Сотталушының қорғаушысы аталған арызда соттың бірінші инстанциясы шығарған үкімді бес жылға дейін қысқартуды сұраған болатын. Қостанай облыстық соты жазаны жеңілдетуге еш негіз тапқан жоқ. Бірінші инстанцияның үкімі өзгеріссіз қалдырылды және күшіне енді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2016 жылы күзде Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты Арқалық қаласының 54 жастағы тұрғыны Ораза Қабыл есімді әйелді бас бостандығынан айырды. Сот үкімімен әйелге 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болады.

«Осы жылдың мамыр айында әйел өзінің танысына азаматтық некеде тұратын ер адамды өлтіруге тапсырыс береді. Танысы 70 мың теңге үшін адам өлтіруге дайын бір адамды табады. Осымен тарасқан. Осы ұсыныс бірнеше рет қайталанғаннан кейін және әйелдің ойы шын мәнінде екенін түсінген танысы Арқалық қаласының ІІБ барып мән-жайды айтып берген. Полицейлер осы іске кіріскен. Әйел адам кісі өлтірушіге 5 мың теңге берген, ал істі бітірген соң қалғанын беремін деп уәде еткен. 15 маусымда әйелдің азаматтық некеде тұрған күйеуінің өлімін қолдан жасап, телефоны мен қанға боялған панамасын берген. Әйел адамның ойы қылмысқа жататын болғандықтан, ол оқиға орнында ұсталды", - делінген облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінде.