Арқалықта қылмыстық топ қолға түсті

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Арқалықта 19-21 жас аралығындағы қаланың 5 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ қолға түсті.

Арқалықта қылмыстық топ қолға түсті

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Қостанай облысының криминалдық полиция қызметкерлері Арқалықта 19-21 жас аралығындағы қаланың 5 тұрғынынан тұратын қылмыстық топты қолға түсірді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, олар қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің күзетшісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Оқиға орнынан 200 литр бензин мен 16 келі гербицид ұрланған. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.