Арқалықта жасөспірімдер мен балаларға арналған орталықтың темірбетонды төбесі құлады

АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат - Арқалықта жасөспірімдер мен балаларға арналған орталықтың темірбетонды жабыны құлады, қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ,

Арқалықта жасөспірімдер мен балаларға арналған орталықтың темірбетонды төбесі құлады

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

ТЖМ ақпараты бойынша, бір қабатты орталық ғимараты1988 жылы кірпіштен салынған, 144 шаршы метр аумақты қамтыған жабынның құлауы дүйсенбі, маусымның 14-і күні күндізгі сағат 12.00-де орын алған.

Қазіргі таңда ғимараттың құлаған жерін қалпына келтіру үшін 35 адам мен 3 техника жұмылдырылған.