«Арқанкерген» шекара бекетінде жарылғыш зат пайдаланылған жоқ - ҚР Бас прокуратурасы

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Сараптама нәтижесіне сәйкес «Арқанкерген» шекара бекетінде жарылғыш заттың пайдаланылуы анықталған жоқ. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

«Арқанкерген» шекара бекетінде жарылғыш зат пайдаланылған жоқ - ҚР Бас прокуратурасы

«Өрт-техникалық сараптамамен жарылыс ошақтары және жарылғыш заттарды пайдалану фактісі анықталған жоқ», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, басқа барлық жағдайды анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

«Бұл оқиғаның тергелуі барысына қатысты басқа ақпараттар тергеу мүддесін ескере отырып, қосымша хабарланатын болады», - деді ресми өкіл.