«Арқанкерген» шекаралық бекетінде қаза болғандардан алкогольдік ішімдіктер анықталмады - Бас прокуратура
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - «Арқанкерген» шекаралық бекетінде қаза болғандардан алкогольдік ішімдіктер анықталмады. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Біреулер қаза болған әскерилер мас күйде болған дейді, ал кейбіреулер олар алкоголь емес, басқа заттарды пайдаланды деген қауесеттер таратып жатыр. Сонымен қатар, бүгін «Время» газетінде қаза болғандардың бірінде әйелдің іш киімі болған деген ақылға қонбайтын мәлімет таратылды. Бұның барлығы шындыққа сәйкес келмейді. Тергеу материалдарында бұндай мәліметтер мен айғақтар жоқ», - деді ресми өкіл.