«Арқанкерген» шекаралық қосынындағы оқиға - барлық қазақстандықтардың ортақ қайғысына айналды - Қаралы күн хроникасы

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда «Арқанкерген» қосынында шекарашылардың қаза болуына байланысты - ұлттық қаралы күн. Мамырдың 27-сінен 28-іне қараған түні болған лаңкестік оқиғада 14 шекарашы және бір қорықшы қаза болды. Шекарашылар әскерге шақырылған аймақтар: Атыраудан - 4;  Ақтөбеден - 2; БҚО-дан - 1; Қарағандыдан - 2;  Жамбылдан - 2; Павлодардан - 1;  Алматы облысынан - 3.

«Арқанкерген» шекаралық қосынындағы оқиға - барлық қазақстандықтардың ортақ қайғысына айналды - Қаралы күн хроникасы

 ҚазАқпарат осы тақырыпта бүгін жарияланған материалдар топтамасын ұсынады.

05 Маусым 2012, 07:48

Бүгін Қазақстан Республикасында шекарашылардың қаза табуына байланысты ұлттық азалы күн жарияланды

 АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен шекарашылардың қазаға ұшырауына байланысты бүгін Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жарияланды.

4 маусым күні ҚР Президенті Алматы облысындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.

«Алматы облысы «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адам қаза болған  қайғылы оқиға қазақстандықтардың ешқайсысын да бейжай қалдырмады.

Менің тапсырмаммен қазіргі кезде тергеу жүргізілуде. Оқиға орнында  арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Мамандар мен комиссия өз қорытындысын жасайтын болады. Біз оқиғаның мән-жайын анықтаймыз, ұйымдастырушылар мен орындаушыларды табамыз. Сөйтіп бұл трагедияға айыптылар тиісті жазасын тартатын болады.

Шекарашылар елдің шебін қорғау кезінде, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау қызметінде тұрғанда қаза болды. Олар Қазақстанның бейбітшілігі мен болашағы жолында қыршынынан қиылды.

Менің тапсырмам бойынша Үкімет бұл күндері қаза тапқандардың отбасыларына барынша қолдау көрсетіп, қажетті көмектің бәрін жасауда.

Бұл трагедия қаза тапқандардың отбасылары мен ағайын-туғандарын ғана емес, барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып отыр.

Сондықтан бір күндік ұлттық қаралы күн жариялаймын», делінген мәлімдеменің мәтінінде.

Еске салайық, 15 адам - 14 шекарашы мен бір қорықшы қаза тапқан лаңкестік акт мамыр айының 27-сінен 28-іне қараған түні болды. «Сары бөктер» заставасының «Арқанкерген» шекара бекеті Алматы облысы Үшарал қаласының аудан орталығынан 220 шақырым жерде, тауда орналасқан.

Шекарашылар қызметке келесі өңірлерден келді: Атыраудан - 4; Ақтөбеден - 2; БҚО-дан - 1; Қарағандыдан - 2; Жамбылдан - 2; Павлодардан - 1; Алматыдан - 3.

Бүгін республикалық газеттердің бірінші беттерінде көңіл көтеретін ақпараттар, күлдіргі әңгімелер орналастырылмайды, көңіл көтеруге бағытталған телебағдарламалардың, сондай-ақ мемлекеттік БАҚ-тарда жарналамалардың көрсетілімі тоқтатылады. Барлық мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың ғимараттарында мемлекеттік Тулар түсіріледі.

 Басты сөздер: Қоғам , Қазақстан Президенті , Төтенше оқиғалар, апаттар , Оқиға

 

05 Маусым 2012, 07:51

«Арқанкерген» шекара қосынында мерт болған екі жамбылдықтың ата-аналары Астанаға, мәйітті тануға келді

 

ТАРАЗ. 5 маусым. ҚазАқпарат - «Арқанкерген» шекара қосынында қаза тапқан екі жамбылдықтың ата-аналары Астанаға, мәйітті тану үшін келді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Қазіргі уақытта екі шекарашының туған-туыстары Астанаға жол жүріп кетті, сол жерге мерт болғандардың мәйіттері жеткізіліп, генетикалық сараптама өткізілуде. 2 шекарашы Жамбыл облысынан шақырылған болатын», - деді өңір әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жәлдінов.

Оның сөзіне қарағанда, табылған мәйіттер жамбылдық әскерилерге тиесілі екендігі анықталған жағдайда, олардың есімдері мен фотолары жарияланатын болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 30 мамырда ҚР ҰҚК шекара қызметінің "Шығыс" өңірлік басқармасы Үшарал шекара отряды "Сары бөктер" заставасының наряды тауда жазғы уақытта өртенген 15 шекарашы қызмет атқаратын "Арқанкерген" шекара қосынының үстінен шыққан. Онда жанып кеткен 14 шекарашы мен бір қорықшының мүрдесі табылған болатын.

4 шекарашы Атырау облысынан, 3-уі Алматы облысынан, екі екіден Ақтөбе және Қарағанды, Жамбыл облыстарынан шақыртылған, бір-бір адамнан Батыс Қазақстан мен Павлодар облыстарынан болған.

Қазіргі уақытта Елбасының тапсырмасымен арнайы комиссия «Арқанкерген» шекара қосынында орын алған қайғылы оқиғаны тексеруде. Бас әскери прокуратура қылмыстық іс қозғады, тексеру жұмыстарына ІІМ, ҰҚК және Бас прокуратураның тәжірибелі қызметкерлері тартылды.

Үкімет қаза болғандардың отбасыларына қажетті көмек пен қолдау көрсетуде.

 Басты сөздер: Оқиға

05 Маусым 2012, 09:10

Қырғызстан Президенті қазақстандық шекарашылардың қайғылы жағдайда қаза табуына байланысты көңіл айтты

 БІШКЕК. 5 маусым. ҚазАқпарат - Қырғызстан Республикасының Президенті Алмасбек Атамбаев Алматы облысының «Арқанкерген» шекара қосынында қайғылы жағдайда мерт болған қазақстандық шекарашыларға байланысты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты.

Көңіл айту жеделхатында: «Алматы облысының «Арқанкерген» шекарашылар қосынында қазақстандық шекарашылардың қайғылы жағдайда қаза тапқандықтары туралы суық хабарды естігенде қатты  қайғырдым.

 Қырғызстан халқы бұл зұлымдыққа бей-жай қарай алмайды. Орын алған қайғылы оқиғаның ұйымдастырушылары мен  оны жасаған адамдар табылып, қатаң түрде жазаланатынына сенімдімін.

Қырғыз халқының және өзімнің атымнан мерт болғандардың отбасылары мен жақындарына, бауырлас Қазақстан халқы мен Сізге шын ниетімнен көңіл білдіремін», - делінген.

 Басты сөздер: Оқиға , Қазақстан Президенті

05 Маусым 2012, 10:42

Ақорда ғимаратында қаза болған шекарашыларды аза тұтудың белгісі ретінде Қазақстанның туы төмен түсірілді

 АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Ақорданың ғимаратында қосында қаза болған шекарашыларды аза тұтудың белгісі ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы төмен түсірілді.

Қалаладағы және еліміздің өңірлеріндегі әкімшілік ғимараттардың барлығында ту төмен түсірілді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасының өкімімен шекарашылардың қазаға ұшырауына байланысты бүгін Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жарияланды.

4 маусымда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Арқанкерген» шекара бекетінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты  мәлімдеме жасады.

«Алматы облысы «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адам қаза болған  қайғылы оқиға қазақстандықтардың ешқайсысын да бейжай қалдырмады.

Менің тапсырмаммен қазіргі кезде тергеу жүргізілуде. Оқиға орнында  арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Мамандар мен комиссия өз қорытындысын жасайтын болады. Біз оқиғаның мән-жайын анықтаймыз, ұйымдастырушылар мен орындаушыларды табамыз. Сөйтіп бұл трагедияға айыптылар тиісті жазасын тартатын болады.

Шекарашылар елдің шебін қорғау кезінде, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау қызметінде тұрғанда қаза болды. Олар Қазақстанның бейбітшілігі мен болашағы жолында қыршынынан қиылды.

Менің тапсырмам бойынша Үкімет бұл күндері қаза тапқандардың отбасыларына барынша қолдау көрсетіп, қажетті көмектің бәрін жасауда.

Бұл трагедия қаза тапқандардың отбасылары мен ағайын-туғандарын ғана емес, барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып отыр.

Сондықтан бір күндік ұлттық қаралы күн жариялаймын»,-делінген мәлімдемеде.

 Басты сөздер: Қоғам


05 Маусым 2012, 10:44

Мәжіліс депутаттары қаза тапқан шекарашылардың отбасыларына біркүндік жалақыларын аударды

 АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан халқы 15 адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиғадан қара жамылып отыр.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өздерінің бір күнгі еңбекақыларын Алматы облысының  «Арқанкерген» бекетінде қаза тапқан шекарашылардың отбасыларына көмек ретінде аударады. Бұл туралы Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кеше Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеме жасап, елімізде бір күндік ұлттық аза тұту жариялады.

 «Шекарашылар елдің шебін қорғау кезінде, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау қызметінде тұрғанда қаза болды.  Олар Қазақстанның бейбітшілігі мен болашағы жолында қыршынынан қиылды. Бұл трагедия қаза тапқандардың отбасылары мен ағайын-туғандарының ғана емес, барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып отыр»,- деді өз мәлімдемесінде Мемлекет басшысы.

 Басты сөздер: Оқиға , Қоғам , Мәжіліс , Парламент


05 Маусым 2012, 11:17

Үкімет отырысы шекарада қаза болғандардың құрметіне бір минут үнсіздікпен басталды

 АСТАНА.  5 маусым. ҚазАқпарат -  Бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинеті шекарада қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Бүгінгі күнді Елбасы Қазақстан Республикасында шекарашылардың қаза табуына байланысты ұлттық азалы күн  деп жариялады», -  деп тоқталған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, отырысқа қатысушылармен бірге қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен  еске алды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен шекарашылардың қазаға ұшырауына байланысты бүгін Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жарияланды.

15 адам - 14 шекарашы мен бір қорықшы қаза тапқан лаңкестік акт мамыр айының 27-сінен 28-іне қараған түні болды. «Сары бөктер» заставасының «Арқанкерген» шекара бекеті Алматы облысы Үшарал қаласының аудан орталығынан 220 шақырым жерде, тауда орналасқан.

Шекарашылар қызметке келесі өңірлерден келді: Атыраудан - 4; Ақтөбеден - 2; БҚО-дан - 1; Қарағандыдан - 2; Жамбылдан - 2; Павлодардан - 1; Алматыдан - 3.

Бүгін республикалық газеттердің бірінші беттерінде көңіл көтеретін ақпараттар, күлдіргі әңгімелер орналастырылмайды, көңіл көтеруге бағытталған телебағдарламалардың, сондай-ақ мемлекеттік БАҚ-тарда жарналамалардың көрсетілімі тоқтатылады. Барлық мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың ғимараттарында мемлекеттік Тулар түсіріледі.

Автор: Руслан Ғаббасов

05 Маусым 2012, 12:15

ШҰҒЫЛ: Атыраудан шақыртылған «Арқанкерген» қосынында қаза тапқан шекарашылардың жақындары Астанадан қайтып оралды

 

АТЫРАУ. 5 маусым. ҚазАқпарат - Атырау облысынан шақыртылған «Арқанкерген» қосынында мерт болған шекарашылардың жақындары елордадан қайтып оралды.

Атырау облысының қорғаныс істері бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын ала мәліметтер бойынша, «Арқанкерген» қосынында Құрманғазы, Мақат, Індер және Қызылқоға аудандарынан шақыртылған 4 жас шекарашы қызмет еткен.

 Шекарашылардың алты жақын туысы Астанада болып, генетикалық сараптама үшін қан тапсырды.

 Басты сөздер: Оқиға , Атырау облысы


05 Маусым 2012, 12:32

Беларусь Президенті қазақстандық шекарашылардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Беларусь Президенті Александр Лукашенко Алматы облысы «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 сарбаздың қаза болуына орай Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Беларусь басшысының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Беларусь халқы атынан және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туыстарына, барлық қазақ жұртына шын жүректен көңіл айтамын», - делінген хатта.

Автор: Жасұлан Жолдыбаев

 Басты сөздер: Оқиға , Қоғам , Төтенше оқиғалар, апаттар

 

05 Маусым 2012, 12:39

«Арқанкерген» шекара бекетінде 15-інші шекарашы дін аман табылып, ұсталды - Ішкі істер министрі


АСТАНА.  5 маусым. ҚазАқпарат -  «Арқанкерген» шекара бекетінде 15-інші шекарашы ұсталды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов мәлім етті.

«Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кеше кешқұрым қыстақтардың бірінен 15-інші шекарашы ұсталды. Ол азаматтық киімде болған. Қазіргі уақытта түсініктеме берді», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, оны полиция қызметкерлері іздеу амалдары барысында тапқан.

«Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Бізде сараптамалардың бәрі толығымен дайын емес. Оқиғаның ішкі мәселеден орын алғандығы нақтылануы мүмкін. Ол командирдің тапаншасымен ұсталды. Сол күні кезекші болған. Осының бәрін тексерудеміз», - деді Қ.Қасымов.

Автор: Марлан Жиембай

 Басты сөздер: Қоғам , Оқиға , ҚР Үкіметі , Төтенше оқиғалар, апаттар

 

 05 Маусым 2012, 12:15

ШҰҒЫЛ: Атыраудан шақыртылған «Арқанкерген» қосынында қаза тапқан шекарашылардың жақындары Астанадан қайтып оралды

 

АТЫРАУ. 5 маусым. ҚазАқпарат - Атырау облысынан шақыртылған «Арқанкерген» қосынында мерт болған шекарашылардың жақындары елордадан қайтып оралды.

Атырау облысының қорғаныс істері бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын ала мәліметтер бойынша, «Арқанкерген» қосынында Құрманғазы, Мақат, Індер және Қызылқоға аудандарынан шақыртылған 4 жас шекарашы қызмет еткен.

 Шекарашылардың алты жақын туысы Астанада болып, генетикалық сараптама үшін қан тапсырды.

 Басты сөздер: Оқиға , Атырау облысы

05 Маусым 2012, 13:00

Ақтөбеде «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдері «Арқанкерген» заставасында қаза болған шекарашылардың отбасыларына барады

 

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін, ағымдағы жылдың 5 маусым күні Ақтөбеде «Нұр Отан» ХДП «Арқанкерген» заставасында мерт болған шекарашыларды еске алуға бағытталған шара өткізуде.

 Оның аясында партияның өкілдері қаза тапқан шекарашылардың отбасыларына барып, материалдық көмек көрсетеді.

 Бұл туралы партияның баспасөз баянында жазылған.

 Басты сөздер: Ақтөбе облысы , «Нұр Отан» ХДП , Қоғам

05 Маусым 2012, 12:45

Атырауда «Арқанкерген» қосынында қаза тапқан шекарашыларды еске алуға арналған аза тұту шаралары өтіп жатыр

 

АТЫРАУ. 5 маусым. ҚазАқпарат - Атырауда «Арқанкерген» қосынында мерт болған шекарашыларды еске алуға арналған аза тұту шаралары басталды.

Әкімшілік ғимараттардың барлығында мемлекеттік ту төмен түсірілді. Жайық өзені арқылы орталық көпірден қалаға кірер және шығар кезде жасотандықтар жүргізушілер мен көшеде жүрген адамдарға қара түсті аза тұту ленталарын таратуда. «Иманғали» оталық мешітінде де мерт болған шекарашыларды еске алуда.

 Алдын ала болжам бойынша, «Арқанкерген» қосынында Атырау облысының Құрманғазы, Мақат, Індер және Қызылқоға аудандарынан шақыртылған 4 шекарашы қызмет еткен.

 Басты сөздер: Атырау облысы , Қоғам

05 Маусым 2012, 14:22

Қазақстанның Бас мүфтиі шекарашы-сарбаздардың қазасына көңіл білдірді

 

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы және Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі «Арқанкерген» шекара бекетінде шекарашы-сарбаздардың қаза табуына байланысты көңіл білдірді.

Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметінен хабарланды.  

«Құрметті бауырлар, отандастар! 2012 жылдың 30 мамыр күні Қазақстан мен Қытай шекарасынан суық хабар жетті. Алматы облысының «Арқанкерген» бекетінде еліміздің тыныштығын, амандығын күзетіп тұрған 14 шекарашы мен 1 қорықшы балаларымыз бен бауырларымыз қапыда қаза тапқан. Соған байланысты елімізде 5 маусым ұлттық азалы күн болып жарияланды. Бүкіл халқымыздың қабырғасы қайысып, Туымыз төмен түсірілді. Осы қайғылы оқиғаға байланысты бүгін облыс, аудан, елді мекендердегі барлық мешіттерімізде олардың рухына қасиетті Құран аятын бағыштауға пәрмен бердім», - делінген Бас мүфтидің үндеуінде.

«Адамзаттың асылы Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз бір хадисінде: «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі Отанды қорғап шекара күзеткен көз», - деген. Алла Тағала шекарада қайтыс болған іні-бауырларымыздың күнәсін кешіріп, қайғының артын қайырлы еткей! Қайтыс болғандардың туған-туыстарына, бүкіл Қазақстан халқына көңіл айтамын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да олардың жанұяларына көмек қолын созып, жәрдем беретінін мәлімдеймін.

Құрметті бауырлар! Жаратушы Иеміз: «Бір ауыртпалықтан соң жеңілдік беремін», - дейді. Солай болғай деп дұға-тілек айтайық. Мұның бәрі Алла-тағаланың сынағы деп қабылдаймыз. Жалпы, адам баласы жер бетіне сынақ үшін жіберілген. Басқа түскен қайғыға сабыр ету, тек Алладан медет тілеу - ол да иманнан. Сол үшін сабыр сақтап, ұстамдылық таныту қажет!

Жаратушы Иемізден Отанымызда бұдан былай азалы күн болмауын, Туы төмен түсірілмеуін тілейміз. Халқымыз, отанымыз аман болып, Туымыз асқақтап желбірей берсін», - деп атап өтті ҚМДБ басшысы

05 Маусым 2012, 15:40

Қаралы күнге орай спорттық шаралар кейінге қалдырылды

 
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Қаралы күнге орай, бүгін Талдықорғанда  өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты бір күнге тоқтатылды.

«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, біріншілік ертең жалғасын табады. Естеріңізге сала кетейік, 5 маусым күні Талдықорғандағы біріншілік барысында олимпиадаға қатысатын 8 спортшының есімі белгілі болуы тиіс еді. Бұл шешуші сын енді 6 маусым күні өтеді.

Бұған қоса, бүгін еліміздің түпкір-түпкірінде өтуі тиіс спорттық шаралардың барлығы кейінге қалдырылды.

Мемлекеттік телеарналарда көңілашар бағдарламалар мен жарнамалар 6 маусымға дейін көрсетілмейді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен шекарашылардың қазаға ұшырауына байланысты бүгін Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жарияланды.

Автор: Руслан Ғаббасов

05 Маусым 2012, 16:31

Қарағанды облысының билік көздері қаза тапқан шекарашының отбасына көмек көрсетеді

 

ҚАРАҒАНДЫ. 5 маусым. ҚазАқпарат - «Арқанкерген» қосынында қаза тапқан Қарағанды облысындағы Балқаш қаласының тумасы болған шекарашының туыстарына жерлеу рәсімін ұйымдастыруда және материалдық көмек көрсетіледі.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Облыс әкімдігі жерлеуді ұймыдастыруға барынша көмек көрсетеді. Материалдық көмек те көрсетіледі. Барлық деңгейдегі әкімдер мен облыстық басқармалардың басшылары қаза тапқан шекарашының туыстарына көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын аударды», - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Билік көздерінің мәліметтерінше, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттар тобы да өздерінің бір күндік жалақыларын аударады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар арасында әскер қатарына 2011 жылы шақыртылған Балқаш қаласының 21 жасар тумасы болды.

«Қазіргі уақытта туыстары Астанадан тұлғаны анықтап танудан оралды. 7-10 күннің ішінде генетикалық сараптаманың қорытындылары күтіледі. Қаза тапқандар содан кейін ғана жерленеді», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 30 мамырда ҚР ҰҚК шекара қызметінің "Шығыс" өңірлік басқармасы Үшарал шекара отряды "Сары бөктер" заставасының наряды тауда жазғы уақытта 15 шекарашы қызмет атқаратын "Арқанкерген" шекара қосынының үстінен шыққан. Онда жанып кеткен 14 шекарашы мен бір қорықшының мүрдесі табылған болатын.

Қазіргі уақытта Елбасының тапсырмасымен арнайы комиссия «Арқанкерген» шекара қосынында орын алған қайғылы оқиғаны тексеруде. Бас әскери прокуратура қылмыстық іс қозғады, тексеру жұмыстарына ІІМ, ҰҚК және Бас прокуратураның тәжірибелі қызметкерлері тартылды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен шекарашылардың қазаға ұшырауына байланысты 2012 жылдың 5 маусымы Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні  жарияланды.

Сейсенбі күні ІІМ басшысы аман қалған шекарашының ұсталғанын хабарлады.

 Басты сөздер: Басқа меморгандар , Оқиға , Қоғам , Қарағанды облысы

 Басты сөздер: Спорт , Қоғам

05 Маусым 2012, 17:33

Ақтөбе облысының әкімі қаза тапқан шекарашының отбасына көңіл айтты

 

АҚТӨБЕ. 5 маусым. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Арқанкерген» қосынында қаза тапқан шекарашы Қамбар Ағанастың отбасына көңіл айтты.

Шекарашының отбасына барған А.Мұхамбетов оларға материалдық көмек ретінде 1 млн. теңге ұсынды. Осыншама қаржы Ойыл ауданында тұратын Әли Мақсатовтың отбасына да беріледі. Қазіргі кезде шекарашының ата-анасы Астана қаласында, баласының тірі екеніне соңына дейін үміттенген еді.

«Қамбар Ағанастың анасы баласының денесін Есет батыр кесенесінің жанындағы зиратқа жерлеуді сұрады. Онда Қамбардың атасы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Балтабай Бабин жерленген. Осы және басқа да мәселелерді шешуге тырысамыз», - деп атап өтті журналистерге берген сұхбатында облыс әкімі.

«Нұр Отан» ХДП филиалының басшылығы да шекарашының үйіне барып, бастапқы материалдық көмек ретінде 200 мың теңге бөлді. Партия өз мүшелерінің және тұрғындар арасында қаражат жинауды ұйымдастырады.

Жауынгер интернационалистер қоғамдық бірлестігінің мүшелері де көңіл білдіруге келді. Қамбардың әкесі Асқар Сарынов ауған соғысының қатысушысы екені анықталды.

«Қамбар техникумды тәмамдаған. Анасы баласын әскерге жібергісі келмесе де, ол азаматтық парызын атқаруды шешті. «Әкем Ауғанстанда әскерде болды, мен де әскерге барамын» деген еді», - деп еске алады ағасы Омар Есенбаев.

Қамбар Ағанас әскерге 2011 жылдың күзінде шақырылып, бір жылдан кейін үйіне оралу керек еді. Ол Сарыновтар отбасындағы екі баланың бірі. Кенжесі Бауыржан - 7 жаста. Қамбар әскерге кетерде, әкесімен бірге жаңа үйдің іргетасын қалап кеткен еді...

 Басты сөздер: Ақтөбе облысы , Басқа меморгандар , Әкім , Қоғам

05 Маусым 2012, 17:50

«Арқанкерген» шекара бекетіндегі қайғылы оқиға - қоғам үшін қауіпсіздікті сақтаудың маңызды екендігін көрсетті - ҚХА үндеуі

 

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы «Арқанкерген» шекаралық бекетінде қаза болғандардың туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.ҚазАқпарат үндеу мәтінін жариялайды.

 Құрметті отандастар!

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Арқанкерген» шекара бекетіндегі шекарашылардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты Қазақстанда ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Мемлекет басшысы орын алған оқиғаны террористік акті деп атады.

Қазір оқиғаның анық-қанығын тергеу жүргізілуде, кінәлілер тиісті жазасын алатын болады.

Бұл қайғылы жағдай елімізді аяғынан тік тұрғызды, тұрақтылық, бейбітшілік және келісім құндылықтарының қаншалықты қымбат екенін тағы да көрсетті.

Барша Қазақстан халқы қазалы қайғыға қайғырып, орын алған оқиғаны ауыр қабылдады, біз бұл азалы жағдайдың бәрімізге де қатысты екенін терең түсінеміз.

«Арқанкерген» шекара бекетінде орын алған қайғылы оқиға - Елбасымыздың мемлекет пен қоғамның тыныштығын, азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудағы қажырлы еңбегінің маңызын анықтап берді.

Ел шебін қорғап, Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін қызмет ете жүріп шекарашылар осындай елдік құндылықтар үшін жанын қиды.

Олар Қазақстандағы бейбітшілік пен жарқын келешек үшін өздерінің жас өмірін пида етті.

Бүгін біз осы қайғылы оқиғада қаза болғандарды еске алып, олардың аруақтары алдында тағзым етеміз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қаза тапқандардың отбасыларына, жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

 

Астана қаласы, 5 маусым 2012 жыл.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

 Басты сөздер: Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Маусым 2012, 18:21

Семей машина жасау зауытының ұжымы қаза тапқан шекарашылардың отбасыларына көңіл айтты

 

ӨСКЕМЕН. 5 маусым. ҚазАқпарат - «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ның көпфункционалдық зауыты Алматы облысындағы «Арқанкерген» шекара қосынындағы қайғылы оқиғаға күйзелісін білдіріп,

Аза тұту күнінде қаза тапқан шекарашылардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Бүгін таратылған хабарламада «ұжым орын алған қайғылы оқиға бірде бір қазақстандықты бей-жай қалдырмағанына сенімді» делінген. «Олар өздерінің жас өмірлерін Қазақстанның бейбітшілігі мен болашағы үшін қиған», - деп атап өтіледі жеделхатта.

 Басты сөздер: Шығыс Қазақстан облысы , Қоғам

05 Маусым 2012, 19:55

Әлем Қазақстан халқымен бірге аза тұтуда: Брюссельдегі дипкорпус «Арқанкерген» шекара қосынындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

 

 БРЮССЕЛЬ. 5 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ұлттық аза тұту күнінде Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде елде тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері 14 шекарашы қаза тапқан «Арқанкерген» қосынындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Жарияланған ұлттық аза тұту күніне байланысты Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде «Арқанкерген» қосынында қаза тапқан шекарашыларды үнсіздік минутымен еске алды. ҚР Мемлекеттік Туы төмен түсірілді. Қайғыға ортақтасуға келгендер арнайы ашылған көңіл айту кітабын толтырды.

Қазақстанның Бельгия және Люксембургтағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЕуроОдақ және НАТО жанындағы миссияның басшысы Ерік Өтембаевтың айтуынша, «бүгін Елшілікте көңіл айту кітабы ашылды. ЕуроОдақ пен НАТО жанында тіркелген  Белгия мен Люксембургтегі дипломаттар қайғырып, көңіл айтады. Бұл күні барлығы қазақстандық халыққа тілектестігін білдіруде».

Тәжікстанның Бельгиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЕО және НАТО жанындағы миссияның басшысы Рустамжон Солиев те көңіл айтты: «Болған оқиғаға байланысты көңіл айтқым келеді. Бұл барлық туысқандар мен жақындар үшін қайғылы оқиға. Біз үшін Қазақстан - ағайынды ел. Бұл біздің бауырлас, достас қазақ халқы. Мен жақын уақытта бұл варварлық қылмыстың барлық жағдайларының ашылатынына сенімдімін. Шекарада қызметтерін адал атқарған бұл жас азаматтардың отбасылары мен жақындарына тағы бір көңіл айтамын».

Украинаның Бельгиядағы Елшілігінің кеңесші Елшісі Ян Омельченко: «Қазақстандық халыққа Украина Елшілігінің атынан көңіл айтып, шекарада болған қайғылы оқиғаларға байланысты ортақтасып қайғырамыз» деді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 30 мамырда ҚР ҰҚК шекара қызметінің "Шығыс" өңірлік басқармасы Үшарал шекара отряды "Сары бөктер" заставасының наряды тауда жазғы уақытта қызмет атқаратын "Арқанкерген" шекара қосынының үстінен шыққан. Онда жанып кеткен 14 шекарашы мен бір қорықшының мүрдесі табылған болатын.

15 адам - 14 шекарашы мен бір қорықшы қаза тапқан лаңкестік әрекет мамырдың 27-нен 28-не қараған түні болды. «Сары бөктер» заставасының «Арқанкерген» шекара қосыны тауда, аудан орталығы - Алматы облысының Үшарал қаласынан 220 шақырым жерде орналасқан

05 Маусым 2012, 21:29

Алматы облысында «Арқанкерген» шекара қосынындағы қорықшы Руслан Кимнің өлтірілуі фактісімен қылмыстық іс қозғалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 5 маусым. ҚазАқпарат - Адам денелерінің қалдықтарының анықталуы, сондай-ақ «Арқанкерген» шекара қосынынан 150 метр жерде қорықшы Руслан Кимнің мүрдесі табылуы фактілері бойынша Талдықорған гарнизонының прокуратурасы ҚР ҚК-нің

96 бабындағы 2 бөлімінің «а» пункті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 2012 жылғы мамырдың 28-нен 29-на қараған түні болды. 14 адамның өртенген мүрделері, сондай-ақ басына және денесіне оқ тиген «Тас Тау» аңшылығының қорықшысы Руслан Кимнің мүрдесін жедел топтың шекарашылары анықтады. Шекарашылар олармен 2012 жылғы 28 мамырда байланысқа шықпаған еді.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

 Басты сөздер: Алматы облысы , Оқиға , Қоғам