20:27, 28 Наурыз 2013 | GMT +5
«Арқанкергеннің» орнына жаңа бекет салынады - Шекара қызметінің директоры
«Арқанкерген» шекара бекетінің орнына жаңа бекет пайда болады. Бұл жөнінде шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов мәлімдеді,

деп хабарлайды BNews.kz.
«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында шекара әскерінің алдында тұрған міндетттерді айқындап берді. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ҰҚК шекара қызметі біздің қызметтік-жауынгерлік қызметіміздің сапасын көтеру үшін тәжірибелік-ұйымдастыру шараларын өткізуде. «Арқанкергенге» қатысты айтар болсам, оның орнына жаңа бекет салынады, өйткені ол мемлекеттік шекараны күзету үшін қажет. Мерзімі жайында әлі де айтатын боламыз», - деді Н. Жоламанов.
Генерал-лейтенанттың айтуынша, жаңа бекет бұрынғы «Арқанкерген» орналасқан аумақта салынады.