Арқар көпірі 17 тамызға дейін ішінара жабылады
АСТАНА.KAZINFORM — Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арқар көпірінде (М1) деформациялық тігісті жөндеу жұмысын жүргізеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Осыған байланысты, 11-17 тамыз аралығында көлік қозғалысы ішінара шектелетін болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Бұған дейін Астанада Қалқаман көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі Қабанбай батыр даңғылының учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатынын жаздық.