Әрқашан бұқара халықтың алғысына бөлене беріңіздер! - үлескер

АҚТАУ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Үлескерлік қатыспен баспаналы болу дамыған елдерге тән құбылыс. Еліміздің еңселі елулікпен иық тірестіруге ұмтылған талабының осы сипаттағы құбылыстар арқылы оңынан жүзеге асып жатқандығын аңғаруға болады.
None
None
Бүгінгі құрылыс нарығындағы үлескерлік тетігінің экономикамызға кедергісіз енгені, жеке сектордың осы тұрғыда қабілетінің қалыптасып қалғанын көрсетеді. Әйтсе де, жеке сектордың әлі де аяғынан тұрып кетуге мемлекет қамқорлығына мұқтаждығы аңғарылып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Таң Шолпан» тұрғын үй кешенінің үлескеріне сілтеме жасап. «Оны мен өзімнің тұрмысымның сапасынан да айта алам. Банктен ипотекалық несие алуға мүмкіндігім жетіп, ол қаржыны су жаңа, элиталы болашақ баспанамның құрылысына сала алуым ? еліміздің әлеуметтік ахуалының бір ғана азаматының басындағы үлгісі. Әйтсе де, нарық негізінде жасалған мәмлелердің қауіпсіз болмайтыны екібастан. Құрылыс компаниясы қанша жерден кепілдік бергенімен, ол да нарық ойыншыларының бірі ғой деп, көңілім орнықпайтын. Оның үстіне АҚШ-та ипотекадан басталған қаржы дағдарысы да алаңдата түсті. Еңбекақым мен қосымша тапқанымнан құрап, несие төлеп отырғанда, бар есіл еңбегімді дағдарыс жұтып, әрі пәтерсіз, әрі қарыз болып қалам-ау деген қорқыныш та болмады емес. Сәтін салғанда, құрылысы кідірген біздің нысанға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп, жаңа жыл қарсаңында баспаналы болдық. Осы тұрғын үй кешенінің құрылысына қаржы салған. өзім сияқты 85 үлескердің атынан, ең бірінші Құрметті Елбасыға, оның жүргізіп отырған саясатын абыроймен іске асырып жатқан Үкіметке, Маңғыстау облысының басшылығына шексіз алғысымды білдіремін! Әрқашан бұқара халықтың алғысына бөлене беріңіздер!» дейді «Таң Шолпан» тұрғын үй кешенінің үлескері Талшын Боранбаева.
Соңғы жаңалықтар