Әркен Өтенов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

Өтенов Әркен Хамит
Фото: Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Әркен Хамитұлы Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында туған. Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Карнеги Меллон университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі, 2010) бітірген. Халықаралық қатынастар маманы, экономист, мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі.

Әркен Өтенов 2006-2011 жж. аралығында елдің банк саласында қызмет атқарған. Одан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде қызмет атқарған.

2019 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы.

2020 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Дипломатиялық дәрежесі - І сыныпты кеңесші.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Соңғы жаңалықтар