Арктикада мешіт салынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Нунавут арктикалық аймағында мұсылмандар үшін тұңғыш рет мешіт салынуда.
None
None

Құрылысшылар суық климат жағдайында әрі тәулігіне 22-23 сағат ауыз бекіткен күйі тер төгіп, мешіт тұрғызуда, деп хабарланған «Нұр Астана» мешітінің сайтында. Нунавут Ислам қоғамдастығы бас хатшысы Мұхамед Хасан жұмысшылармен сұхбаттасуы кезінде олар тәулік бойы ораза ұстап, құрылыс жүргізуде қиындық түспейтіндігін айтқан. «22-23 сағат бойы ауыз бекітуге дағдыланған соң аса ауырлық сезінбейсің», - дейді мұсылман ұйымының президенті Саид Асиф Әли. Канаданың солтүстігіндегі Инувик қаласында тәуліктің 24 сағаты жарық болады. Дегенмен, елде бейресми түрде Мекке уақыты қолданылып, 9 сағаттық айырмашылыққа байланысты күн түнге «ауысады». Жергілікті халық Мекке уақытымен ауыз бекітіп, осындай уақыт көлемінде құлшылық жасайды.

Соңғы жаңалықтар