Арктикадағы ауа температурасы 115 жылдың ішінде ең жоғары көрсеткішке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арктикадағы ауа температурасы 1900 жылдан бері ең жоғары көрсеткішке жетті, делінген АҚШ мұхит және атмосфералық зерттеулер Ұлттық басқармасының (NOAA) жыл сайынғы баяндамасында.

 Арктикадағы ауа температурасы 115 жылдың ішінде ең жоғары көрсеткішке жетті

Зерттеулерге сәйкес, бұл аймақтағы ауа температурасы 2014 жылдың қазан айынан бастап 2015 жылдың қыркүйегі аралығында Цельсий бойынша орташа көрсеткіштерден 1,3 градусқа жоғары болды.

«Арктикадағы жылымық әлемнің басқа жерлерінен екі есе тез жүріп жатыр», - деп мәлім етті NOAA ғалымы Рик Спинрэд.

«Біз сондай-ақ Арктикада болып жатқан жағдайдың Арктикамен ғана шектелмейтінін біліп отырмыз», - деп атап өтті ол.

Баяндамада мұздың еруі морждардың тіршілік ету ортасының жойылуына және балықтардың кейбір түрлерінің солтүстікке қарай жылжуына әкеліп соқтыратыны жазылған.

Бұған дейін Арктикадағы мұздың ауданы 35 жылдың ішінде екі есе қысқарғаны хабарланған еді.