Арктиканың полярлық қабаты тез еріп жатыр
АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Мұзды мұхит жазғы күн сәулесінің астында өзінің мұзды қабатының мыңдаған шаршы шақырымын жоғалтуда,
деп хабарлады жерсеріктердің көмегімен полярлы қабатты бақылаушы ғалымдар.
Және бұл құбылыс Арктиканың полярлық мұздарының ауданын рекордтық деңгейге азайтуы мүмкін, деп жазады «Тайм» газеті.
Соңғы жүз жылдықта әлемде ауа температурасы Цельсий бойынша 0,6 градусқа көтерілді, бірақ Арктикада бұл көрсеткіш одан екі есеге артық өсті. Мамандардың айтуынша, оған ең алдымен, парник газдарының көбеюіне себеп болып отырған адамзаттың қарекеттері кінәлі.