Арктиканың су тоғандары жаһандық жылынудан құрғап барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арктиканың аумағынан түсірілген фотосуреттер мен спутник суреттерін зерттеген ғалымдар осындай шешімге келді. Бұл туралы epochtimes.ru сайтына сілтеме жасап, www.24.kz хабарлады.

Арктиканың су тоғандары жаһандық жылынудан құрғап барады

Мұндағы су тоғандары, қоймаларының саны мен мөлшері қысқарған. Бұл туралы хабарлайды. Климатологтардың мәліметінше, 1948-2010 жылдар аралығында Арктикадағы түрлі су қоймаларының саны азайып, олардың үштен бір бөлігі кеуіп кеткен. Мамандар бұған жаһандық жылыну себеп болып отырғандығын айтады. Қазір көптеген су тоғандары кеуіп, орнына шөп қаптаған. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан экожүйенің бұзылуы орны толмас шығын алып келуде. Егер су көздері көптеп кеуіп кететін болса, құстардың басым бөлігі азықсыз қалып, аштан қырылуы мүмкін.