«Арлан» Қазақстан Кубогын екінші мәрте жеңіп алды

АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Көкшетаулық «Арлан» хоккей командасы Қазақстан Кубогын иеленді, деп хабарлайды Шайба.kz.

«Арлан» Қазақстан Кубогын екінші мәрте жеңіп алды

Шешуші кезеңде көкшетаулықтар «Ертіс-Павлодар» командасымен ойын өткізді.

Ойынның негізгі уақытында жалпы есеп 2:2 болып, тең түсті. Жеңімпаз команда буллит арқылы анықталды. Бұл «Арланның» екінші кубогы болып отыр, дейді Vesti.kz сайтында.