«Арлан» жауынгерi самбодан өткен әлем чемпионатының күмiс жүлдегері атанды

деп хабарлайды iшкi iстер департаментiнiң баспасөз қызметi.
Самбо және жауынгерлiк самбоның әлем чемпионаты Вильнюс қаласында 11-13 қараша күндері өткен болатын.
Полицияның аға лейтенанты Алмас Сүлеймен - халықаралық спорт шеберi, самбодан Қазақстан құрама командасының мүшесі, 2011 жылы наурызда Мәскеуде өткен әлемнiң супер кубогi жолындағы жарыстың қола медаль иегері.
Алмас Сүлеймен 2008 жылдан бері Арлан арнайы бөлiмшесiнiң инспекторы.
«Алмас Қырғызстан, Украина, Молдова елдерінің спортшыларымен болған тартысты жекпе-жектерде жеңімпаз атанды, алайда финалда екi дүркін әлем чемпионы, халықаралық спорт шеберi ресейлік Анатолий Стишакқа бiрнеше ұпайлар бойынша жол беріп, күмiс медаль олжалады»,- делінген ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарламасында.