«Арландар» қатарынан бесінші рет жеңіске жетті

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Бокстан «Астана арландары» сырт алаңда «Неміс қырандарына» қарсы кездесу өткізіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осымен биылғы маусымдағы бесінші матчта қарсыласын ұтқан біздің команда ширек финалға бір табан жақындай түсті, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталынан.

«Арландар» қатарынан бесінші рет жеңіске жетті

Кездесу нәтижелері төмендегідей:

50-54 келі: Николае Андреиана (Румыния) - Бағдат Әлімбеков (Қазақстан) - Қазақстандық боксшы таза жеңіске жетті.

57-61 келі: Оливер Джойс (Ирландия) - Эрик Донован (Ирландия) 3:0 (Үш төреші де 49:46 есебімен жеңісті Джойсқа берді)

68-73 келі: Хек Паскали (Германия) - Сергей Деревьянченко (Украина) - 0:3 (45:50, 46:49, 45:50)

80-85 келі: Серге Мичел (Германия) - Хрвоже Сеп (Хорватия) - 0:3 (45:50, 46:49, 45:50

91+ келі: Эрик Бречлин (Германия) - Филип Хргович (Хорватия) 0:3