«Арландардың» финалдағы қарсыластары белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық клуб «Астана арландарының» Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалында жұдырықтасатын қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арландардың» финалдағы қарсыластары белгілі болды

Олар кубалық «Куба Домадорес» командасының боксшылары. «Куба Домадорес» Гаванада өткен қарымта кездесуде колумбиялықтарды 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша кубалықтар қос кездесудің нәтижесі бойынша 7:3 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Алғашқы сында «Колумбия Хероикос» командасы сәл басымдықпен жеңіске жеткен еді.

Ал «Астана арландары» WSB жартылай финалының қарымта кездесуін Лондонда британиялық «Бритиш Лайнхартс» ұжымына қарсы өткізіп, қос жекпе-жектің қорытындысы бойынша 7:3 есебімен басым түсіп, финалға шыққан болатын.

Енді финалда отандастарымыз «Куба Домадореспен» чемпиондық атаққа таласады.