Арман Дәулетияров: Тарихи отанымдағы сайлауға атсалысу мен үшін өте маңызды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТМД атынан ҚР Президентінің сайлауына байқаушы ретінде келген Арман Дәулетияров дауыс беруші жастардың мол болғанын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік «Муз-ТВ» телеарнасының бас директоры байқаушы ретінде сайлаудың жоғары деңгейде өткенін айтты.

«Өз басым ешқандай құқық бұзушылық байқаған жоқпын. Қазақстан Президентінің сайлауы Халықаралық құқық стандарттарына сәйкес өтуде. Адамдар белсенді дауыс беріп жатыр. Сайлау учаскелерінде бәрі ұйымдастырылған. Бүгін 10-ға жуық учаскеге бардым. Халық өте көп. Кейбір учаскелерде тіпті кезек қалыптасқан», - дейді ол.

Қандасымыз өзі аралаған учаскелерде дауыс беруші жастардың көп болғанын айтады.

«Сайлауға келген жастар мені көріп таңданысып жатты. Кеше ғана «Муз ТВ» сыйлығында жүрген мені бүгін осы арадан көреміз деп ойламаса керек.Мен үшін байқаушы ретінде, қазақ ретінде тарихи отанымдағы сайлауға атсалысуым өте маңызды», - деді Арман Дәулетияров.

Соңғы жаңалықтар