Арман Оспанов акробатикалық өнерін көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 желтоқсан күні ережесіз жекпе-жектен АСВ 77 турнирінде бақ сынайтын Арман Оспанов акробатикалық өнерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арман Оспанов акробатикалық өнерін көрсетті

Бұл туралы Alash pride-тың Вконтактедегі ресми парақшасында хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, Оспанов 23 желтоқсан күні АСВ 77 турнирінде Алексей Полпудниковке қарсы жекпе-жек, яғни, реванш кездесу өткізеді. Бұл турнирдің басты кездесуі Оспановтың салмағындағы чемпион Марат Балаев пен осы салмақтың рейтингінде бірінші орында тұрған Юсуф Раисов арасында Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтеді.

Айта кетейік, Арман Оспанов пен Алексей Полпудников 2013 жылы League S-70 турнирінде кездесіп, отандасымыз ресейлік спортшыны 1 раундта нокаутпен жеңген болатын. Дегенмен Алексей соңғы 12 жекпе-жегінде қатарынан жеңіске жетік.

Ал, отандасымыз осы жылдың тоғызыншы қырқүйегінде спорттық мансабында алғаш рет ұтылды. Алматыда өткен турнирде ол бразилиялық Тьяго Луис Бонифасио Силваға есе жіберіп алды.