Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Арман Сейітмамыт «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды

Белгілі тележурналист, медиаменеджер Арман Сейітмамыт «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform арнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

арман сейтмамыт
Фото: Facebook

Арман Балтабайұлы — телевизия саласында ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі маман.

Әр жылдары «Хабар» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі, «24KZ» арнасының шеф-редакторы, директоры, бас продюсері, «EL ARNA» телеарнасының директоры болып қызмет атқарған.

Интернет жобалар саласында да еңбек еткен.