Арман Сейітмамыт «24KZ» телеарнасына директор болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі тележүргізушісі Арман Сейітмамыт «Хабар» агенттігінің «24KZ» телеарнасына директор болып тағайындалды. Бұл туралы Твиттерде бұл телеарнаны осы күнге дейін басқарып келген Александр Аксютиц мәлім етті.

Арман Сейітмамыт «24KZ» телеарнасына директор болып тағайындалды

А. Аксютицтің сөзіне қарағанда, ол директор қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты кетіп жатыр.

«Тура үш жыл «24KZ» телеарнасымен бірге болдым. Енді басы-қасында жүрген телеарнамен қоштасатын сәт келді. «24KZ» телеарнасын менің досым Арман Сейітмамыт басқарады», - деп жазады ол. Айта кетейік, А. Сейітмамыт осыған дейін «24 KZ» арнасының шеф-редакторы қызметін атқарды.