Арман Шаққалиев: Қазақстан-Қырғызстан тауар айналымын $3 млрд-қа дейін жеткізуді көздейді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық кеңес қорытындысы туралы пікір білдірді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз ұқызметі мәлім етті. 

Арман Шаққалиев
Фото: ҚР Үкіметі

Бішкектегі Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша екі ел үкіметтері басшыларының қатысуымен экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және тауар айналымына $3 млрд-қа дейін жеткізуге қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Биылғы 9 айда Қазақстанның тауар айналымы $1,2 млрд-ты құрады. Оң динамика сақталуда және еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын нығайтуға ықпал ететін болады.

— Қол жеткізілген уағдаластықтар жақын арада сауда айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өткізу пункттерін жаңғырту және кеңейту, су-энергетикалық өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық ынтымақтастық, логистикалық және тарату орталықтарын салу мәселелері қаралды. Бұл іс-шаралардың барлығы практикалық сипатқа ие, — деп атап өтті Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Соңғы жаңалықтар